«Тоқаев жаңа Қазақстан құруға бет алды» - Қарин

12 қаңтар 2022, 15:55

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінің негізгі түйіні неде екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарин Президенттің сөзі ең алдымен лаңкестерге қарсы күрестің өткір кезеңі аяқталғанын білдіретінін айтты.

"Бұған дейін Мемлекет басшысы халыққа жолдаған жолдауларында лаңкестік агрессияға тойтарыс беру және жағдайды тұрақтандыру жөніндегі барлық шара туралы хабардар еткен еді. Бұл жолғы үндеуі арқылы Президент атынан шыққан билік түпкілікті бастаманы өз қолына қайтарып қана қоймай, жаңа күн тәртібін белгіледі. Азаматтар, қоғам және элита үшін ертеңгі күннің көрінісі белгіленді", - деп жазды Ерлан Қарин Telegram-да.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, Президенттің күн тәртібі қоғамды шабыттандыруға, үміт, оптимизм беруге және күрделі мәселелерді шешу үшін сындарлы бағыт белгілеуге арналған.

"Ол баршаңызды үлкен жасампаз процеске – жаңа Қазақстанды құруға үндейді. Бұл алға жылжуы үшін барлық салауатты қоғамдық-саяси күштерді біріктіруді және шоғырландыруды көздейді.

Жаңа Қазақстан нені білдіреді? Бұл кейбір сарапшылар ұсынғандай, мемлекеттік аппаратты жаңарту ғана емес. Бұл, ең алдымен, қоғамдық құндылықтарды қайта жаңғырту. Радикализмнен, экстремал көзқарастар мен әрекеттерден бас тарту, шығармашылық мотивті нығайту. Қоғамдағы барлық кемшіліктерді жеңу. Бұл кезең-кезеңімен және жүйелі реформаларды жалғастыруды білдіреді. Мемлекет саясатының гуманитарлық өлшемі және адами капиталға қатысу үлесі", - деп жазды Қарин.