Саяси сахна

Тоқаев Қабдеш Жұмаділовтің отбасына көңіл айтты

  • Тоқаев Қабдеш Жұмаділовтің отбасына көңіл айтты

    Тоқаев Қабдеш Жұмаділовтің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы қарымды қаламгер елдің рухани саласын дамытуға мол еңбек сіңіргенін атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің отбасы мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы Қабдеш Жұмаділұлының қаламынан шыққан туындылар дәуірдің жүгін, замана келбетін, қоғамның үнін айқын көрсете білгенін атап өтті.

"Соның ішінде қилы кезеңді бастан кешкен халықтың тағдырын арқау еткен романдары мемлекет және қалың көпшілік тарапынан жоғары бағасын алды. Қарымды қаламгер еліміздің рухани саласын дамытуға мол еңбек сіңірді. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған Қабдеш Жұмаділұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады",- делінген жеделхатта.
Еске салсақ, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов 85 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы Малдыбай ауылында дүниеге келген.

Ол "Соңғы көш", "Атамекен", "Тағдыр", "Дарабоз" сынды романдар мен бірнеше әңгімелер жинағының авторы.

1998 жылы Жұмаділовке Қазақстанның халық жазушысы атағы берілді. 1990 жылы "Тағдыр" романы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 14:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31