Саяси сахна

Тоқаев карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін айтты

  • Тоқаев карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін айтты

    Тоқаев карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін айтты

Мемлекет басшысы тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету, өндіріс үдерістеріне жаңа технологиялар енгізу, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру маңызды екенін атап өтті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Премьер-министр Асқар Мамин мемлекет басшысына қаңтар-тамыз айлары аралығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады. Осы уақыттың ішінде қайта өңдеу өнеркәсібі 3,3 процентке өсті. Соның ішінде машина жасау (16,3%), көлік құрастыру (51,8%), фармацевтика (34,1%), жеңіл өнеркәсіп (11%), химия өнеркәсібі (3,1%) және дайын метал өнімдерін шығару (18,8%) салалары бар.

Оқи отырыңыз: Тоқаевқа қарайтын жоғары кеңестің құрамы жарияланды

Биыл Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 996 миллиард теңге болатын 206 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Осының арқасында өндіріс көлемі 1,3 триллион теңгеге, ал экспорт 325 миллиар теңгеге артады деген жоспар бар. Бұдан бөлек, 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.

"Жыл басынан бері 71 мың жаңа үй салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6 процентке артық. Ауыл шаруашылығындағы тұрақты өсім 4,9 процент құрады, азық-түлік өндірісінің көлемі 3,6 процентке артты", - дейді Мамин.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету, өндіріс үдерістеріне жаңа технологиялар енгізу, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мен карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін атап өтті. 




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 16:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қыркүйек, 00:59
    Праймериз деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30