Тоқаев Қазақстанда референдум өтетінін мәлімдеді

29 сәуір 2022, 13:09

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Референдум – бұл маңызды демократиялық институт, алайда Қазақстанда референдум соңғы рет 1995 жылы, қолданыстағы Конституция бекітілгенде өткен. Кейін "Республикалық референдум" туралы Конституциялық заң қабылданды. Алайда ол практика жүзінде бірде-бір рет қолданылған жоқ", – деді президент.

Ал Конституцияға содан кейін төрт рет түзетулер енгізілді. Конституцияның бүкілхалықтың дауыс беру арқылы өзгеруі халықтың ойын еркін білдірудің айқын көрінісі деп санайтынын айтты.

Сондай-ақ референдум әр азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беріп, жан-жақты демократия мен жаңа Қазақстанды құру бағдарымызды нығайтады деді.