Саяси сахна

Тоқаев қазақстандықтарды қаржылық пирамидалардан қорғауды тапсырды

  • Тоқаев қазақстандықтарды қаржылық пирамидалардан қорғауды тапсырды

    Тоқаев қазақстандықтарды қаржылық пирамидалардан қорғауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігінің төрайымы Жанат Елимановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Президентке Қазақстанның ақшаны жымқыруға қарсы қаржылық әрекет жөніндегі жұмыс тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкестігін өзара бағалаудың екінші раундына дайындығы туралы баяндалды. Агенттік төрағасы ұлттық тәуекелдерді бағалау нәтижелері және ФАТФ-тың бірқатар негізгі ұсынымдарын ұлттық заңнамаға енгізуге мүмкіндік беретін заң жобасын парламентте қарау барысы туралы айтты.

 
Мемлекет басшысы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. Атап айтқанда, қабылданған шаралар ақша жымқыруға қарсы Basel AML индексі бойынша әлемдік рейтингте Қазақстанның позициясын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ президентке еліміздегі көлеңкелі экономикамен күрестің жай-күйі туралы ақпарат берілді. 490 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған, оның ішінде 28-і ұйымдасқан қылмыстық топ құру, жалған шот-фактуралар берген тұлғаларға және қылмыстық қолма-қол ақшаға айналдыру фактілері бойынша.

Бұдан бөлек, Жанат Елиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржылық пирамидаларды жою туралы бұйрығының орындалу барысы туралы хабарлады. Жыл басынан бері қаржы агенттігі 5 қаржы пирамидасының жолын кесіп, зардап шеккендерге 2,3 млрд теңге қайтарып берген.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және басқа да мүдделі органдармен бірлесе отырып, бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Тоқаев азаматтардың қаржылық пирамидаларға алданбауы үшін кешенді шаралар қабылдау қажеттігін мәлімдеді.




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.11.2021, 19:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31