Саяси сахна

Тоқаев ҚР әскерилерінің БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысу географиясын кеңейту жоспары туралы айтты

  • Тоқаев ҚР әскерилерінің БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысу географиясын кеңейту жоспары туралы айтты

    Тоқаев ҚР әскерилерінің БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысу географиясын кеңейту жоспары туралы айтты

Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Женевада Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесті, бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары талқыланды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлер ортаға салынып, Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай сөз болды.

Репатриация және реинтеграция, отбасылардың қауышу және қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарға психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша еліміз бен Комитет арасындағы өзара табысты ықпалдастық атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Комитеттің қызметін толық қолдайтынын нақтылап, осы ұйымның басшысы лауазымындағы Петер Маурердің атқарып жатқан жұмысын жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл Крест комитетіне Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен бітімгерлік операциялар жүргізу мәселелері бойынша өзара табысты ықпалдастығы үшін ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әскерилердің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысу географиясын кеңейту жоспары туралы айтты.

Петер Маурер Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, Комитеттің қазіргі қызметі мен жоспары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ еліміздің ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.

Еске салайық, 28 қарашада Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ресми сапармен Швейцария конфедерациясына келді. Бүгін Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысымен кездесті, ДДСҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясына қатысты, сондай-ақ Инвестициялық дөңгелек үстел отырысына қатысты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен кездесті.




Көрілген: 607    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 00:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31