Тоқаев Қырғызстанға барды

26 мамыр 2022, 11:37

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен барды.
 
"Қазақстан президентін Бішкектің "Манас-2" халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров пен осы елдің бірқатар ресми тұлғасы қарсы алды", - деп хабарлады БОРТ 1 Telegram каналы.
 
Айта кетері, Бішкекте Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр.

Форум аясында барлығы 35-ке жуық іс-шара өтеді. Форум ЕАЭО мемлекет басшылары қатысатын пленарлы отырысты, алты панельдік пікірталас пен 20 тематикалық сессияны қамтиды.

Сессия қатысушылары жаһандық өзгерістер дәуіріндегі еуразиялық интеграцияның стратегиялық даму перспективаларын, қаржылық даму және макроэкономикалық тұрақтылық мәселелерін, энергетика және көлік салаларында қызметті жандандыру, цифрландыру, сондай-ақ ЕАЭО елдері өнеркәсібіндегі жағдайды талқылайды.

ЕАЭО елдері ынтымақтастығының түрлі салаларында 10 меморандумға қол қою жоспарланып отыр.