Саяси сахна

Тоқаев Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді

  • © Photo : предоставлено адвокатом Сункаром Нурмагамбетовым

    © Photo : предоставлено адвокатом Сункаром Нурмагамбетовым

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапарында отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жеке өтінішін жеткізді. Бұл туралы бүгін президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Оның айтуынша, Қытайға жол жүргелі жатқанда мемлекет басшысына Ақжарқын Тұрлыбайдың анасынан өтініш түскен.


"Осыған орай президент Бейжіңдегі кездесулерде Қытай тарапына өзінің жеке өтінішін жеткізді. Бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Оның нәтижелері бойынша сыртқы істер министрлігі арқылы осы жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Мемлекет басшысы өз тарапынан үлкен көңіл бөліп отыр. Сондықтан сапар нәтижесі бойынша берілетін тапсырмалар тізіміне отандасымыздың тағдырына қатысты мәселе арнайы пункт ретінде кіретін болады", - деді Нұртілеуов Қазақстан президентінің Қытайға сапарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында.


Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры


Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.


2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.


Биыл 3 қыркүйекте Қытайдың Гуанчжоу қалалық сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыс өтті. Отырыста қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық іс материалдары қаралды. Үкімнің қашан жарияланатыны белгісіз.


Ал 9 қыркүйекте отандасымыздың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазғаны хабарланды.


 


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 960    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 17:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31