Саяси сахна

Тоқаев Мажарстанның сыртқы істер министрін қабылдады

  • Тоқаев Мажарстанның сыртқы істер министрін қабылдады

    Тоқаев Мажарстанның сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Еуропа елдерінің ішінде бірінші болып  Мажарстанда өз елшілігін ашты, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанның сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийартоны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сенімді саяси диалогқа, дәйекті экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа, COVID-19 пандемиясының сын-қатерлері кезінде өзара қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестіктің  жоғары қарқынын атап өтті.
Тоқаев Мажарстанның сыртқы істер министрімен кездесті
Қазақстан президенті биылғы 31 наурызда "Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы" тақырыбында онлайн режимде өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысқаны үшін Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбанға ризашылығын жеткізуді тапсырды.

"Жүргізілген келіссөздер Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қатынастардың одан әрі дамуына тың серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Еуропа елдерінің ішінде бірінші болып  Мажарстанда өз елшілігін ашты. Біздің қарым-қатынастарымыз ерекше.  Қазақстандықтар Мажарстанды өте жақсы біледі. Сіздің еліңізді жақын тартады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін премьер-министр Виктор Орбанға ризашылығымды білдіремін", – деді мемлекет басшысы.

Ал Петер Сийарто кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан президентіне алғыс білдіріп, өз елінің басшылығының сәлемін жеткізді. Осы ретте Будапештің Қазақстанмен кешенді ықпалдастығын одан әрі нығайтуға, соның ішінде Түркі кеңесінің әлеуетін пайдалана отырып тереңдетуге дайын екенін айтты. Мажарстанның сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Түркістанның рухани астана ретіндегі маңызды рөліне тоқталды.

"Сіздің, президент мырза және Елбасының Мажарстанда беделдеріңіз зор. Біз Қазақстан мен оның халқының достық, бауырластық қатынасын сезінеміз. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне бақылаушы ретінде қатысуымыз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің нәтижесі. Қазақстан біз үшін – маңызды стратегиялық серіктес", – деді Петер Сийарто.

Тараптар Виктор Орбанның 2019 жылы сәуірде Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі екіжақты қатынастарға қатысты бірқатар мәселені талқылады. 


Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/politics/20210406/16720683/Toqaev-Mazharstan-ministr.html




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 00:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31