Саяси сахна

Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізілетінін мәлімдеді

  • Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізілетінін мәлімдеді

    Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізілетінін мәлімдеді

Қазақстанға кез келген ахуалға бейімделіп, жедел шешім қабылдайтын, тиімді әрі шағын мемлекеттік аппарат қажет

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізіледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Президенттің пікірінше, эпидемиядан кейінгі кезеңде де бастамашылдық танытып, терең жауапкершілікті сезіне білу маңызды.

"Бізге кез келген ахуалға бейімделіп, жедел шешім қабылдайтын, жаңартылған, тиімді әрі шағын мемлекеттік аппарат қажет", - деп жазды ол.

Тоқаев сондай-ақ Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылатынын мәлім етті.

"Дағдарыс және дағдарыстан кейінгі даму жағдайындағы негізгі басымдықтарымыз: азаматтардың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру, бизнесті дамыту, білім және ғылым саласын жаңғырту", - деп атап өтті ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру керек. Бұл – дағдарысты еңсеріп, өркендеуге қадам басудың бірден-бір жолы.

sputniknews.kz




Көрілген: 787    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.05.2020, 09:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қыркүйек, 00:59
    Праймериз деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31