Саяси сахна

Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын тағайындады

  • Ермек Сағымбаев. Фото: facebook.com/Берік Уәли

    Ермек Сағымбаев. Фото: facebook.com/Берік Уәли

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды akorda.kz.

 

Президенттің жарлығымен Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

 

Мемлекет басшысы өз өкімімен Сағымбаевты Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатты.

 

Батырбек Байбосынов Сағымбаевтың орынбасары болды.

 

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметін Қалмұханбет Қасымов басқарды. Осы жылдың 30 шілдесінде президенттің жарлығымен ол қызметінен босатылды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қалмұханбет Қасымов отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өзі өтініш бергенін хабарлады.

 

Осыдан кейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Ермек Сағымбаевқа жүктелді.

 

 

 

 




Көрілген: 646    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 15:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31