Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тоқаев Мирзиеевті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

25 қазан 2021, 18:46

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, өзбек көшбасшысының сайлаудағы сенімді жеңісі оның стратегиялық бағдарының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті", - делінген "Ақорда" сайтында. 
 
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевтің бауырлас екі халық арасындағы көпғасырлық достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын айтты.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің мол әлеуетін толық жүзеге асыру және Орталық Азиядағы өзара сенімді нығайту мақсатында бірлескен жұмыстарды белсенді жалғастыруға дайын екенін нақтылады. 

Қазақ-өзбек қатынастарына іс жүзінде тың серпін беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.