Тоқаев митингке шығып жатқан қазақстандықтарға үндеу тастады

04 қаңтар 2022, 20:28

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық білдірушілерді деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
 "Үкімет өз өкілеттігінің аясында елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының әр литрін 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады" - деп жазды президент Twitter-парақшасында. 

Президент демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырды.

"Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар ертеңгі елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады", - деді Тоқаев.