Саяси сахна

Тоқаев Назарбаевты данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды

  • Тоқаев Назарбаевты данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды

    Тоқаев Назарбаевты данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Даналар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл бастаманы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Нұр-Сұлтанда өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтты.

"Бүгін Даналар кеңесі туралы ережені қабылдауымыз керек. Мүше мемлекеттер консультативті-кеңесші орган құруды қолдады және мүшелікке кандидаттарды ұсына бастады. Бүгін Даналар кеңесі туралы ережені бекітеміз. Таңертең кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты АӨСШК жетекшілігіне кандидат ретінде ұсынды. Бәріңіз бұл кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін", - деді Рахметуллин.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес - Азия құрлығы мемлекеттерін біріктіретін халықаралық форум, негізгі міндеті - тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту. Кездесуді шақыру идеясын алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын.

Tengrinews.kz.




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 14:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31