Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды

09 мамыр 2022, 13:07

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.

 

 Содан кейін Республикалық гвардияның оркестрі Мемлекеттік әнұранды орындады, Құрметті қарауыл ротасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.

 

Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті. Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт, ашық аспан тіледі.

 

Tengrinews.kz