Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

03 наурыз 2022, 15:34

Президенттер қазіргі геосаяси ахуалдың шиеленісуі жағдайындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін егжей-тегжейлі талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Ақорда.

Президенттер қазіргі геосаяси ахуалдың шиеленісуі жағдайындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін егжей-тегжейлі талқылады.

Тараптар Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ жаңа сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған алдағы іс-қимылдары жөнінде уағдаласты.