Тоқаев өзінің партиядағы орнына Ерлан Қошановты ұсынды

26 сәуір 2022, 15:47

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезі кезінде өзінің партиядағы орнына Ерлан Қошановты ұсынды. Қошанов AMANAT-тың төрағасы болып сайланды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезі кезінде партиядан кетуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Бүгіннен бастап "Amanat" партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды і айтамын - деді Президент. 
Сонымен қатар ол өзінің Президент ешбір партияда болмауы керек деген сөзін орындағанын айтты. 

Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн, яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл – менің айқын ұстанымым. Мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күштерге тең мүмкіндік туғызады. Саяси жүйеде әділдіктің орнауына жол ашады. Партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артады. Бүгінгі өзгерістер «Аmаnаt»-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. Партия елімізді өркендетуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз - деді ол.

BAQ.KZ