Тоқаев парламенттік республикаға көшу туралы ұсынысқа пікір білдірді

15 маусым 2022, 15:48

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік республиканы құруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президенттің атап өтуінше, қазіргі жағдайда биліктің парламенттік жүйеге көшуі қисынсыз болар еді.

"Бұл іркіліс пен қарама-қарсылық жүйесін күшейте түседі деп ойлаймын. Меніңше, бұл - дұрыс жүйе. Өйткені, Қазақстандағы азаматтық қоғам толысқан. Дәл осы жүйеге сұраныс өте жоғары. Батыстағы кейбір белсенділер мен байқаушылар үндеп жүрген парламенттік жүйеге көшуге қатысты айтар болсам, әрине, мен бұл жүйені халыққа уәде еткенім жоқ және өте күрделі геосаяси жағдайда ол еліміз үшін жеткіліксіз деп санаймын. Президенттік республика, бірақ, күшті Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар. Айтпақшы, "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" формуласын Президент лауазымына келмей тұрып-ақ ұсынған едім", - деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы президенттік республика болатынын тағы бір мәрте еске салды.

"Мен оны "өркениетті президенттік республика" деп айтатын едім. Мықты парламенті және есеп беретін үкіметі бар президенттік республика. Негізі, мен осы формуланы президенттік қызметке келгенге дейін ұсынған болатынмын", - деп атап көрсетті президент.