Саяси сахна

Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады

  • Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады

    Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады

Пасха дәстүрлері жаңару мен жақсылықты, мейірімділік пен әділдікті дәріптейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Қымбатты отандастар!

Еліміздегі православ христиандарын көктемнің жарқын мерекесі – Пасхамен құттықтаймын!

Бұл қастерлі мейрам жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақынға жанашыр болып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуге үндейді.

Пасха дәстүрлері жаңару мен жақсылықты, мейірімділік пен әділдікті дәріптейді.

Жаһандық індет бәрімізді сынға салған қазіргі кезеңде жалпыадамзатқа ортақ осы құндылықтардың маңызы артып, өзара түсіністікті, татулық пен келісімді нығайтуға септігін тигізуде.

Бүгінгі шуақты мереке әр шаңырақты бақыт пен қуанышқа бөлей берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Пасха мерекесі құтты болсын!




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.05.2021, 10:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30