Саяси сахна

Тоқаев пен Әлиев Арменияның ҰҚШҰ-ға жасаған үндеуін талқылады

  • https://okg.kz/

    https://okg.kz/

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әзербайжандық әріптесі Ильхам Әливпен Армения шекарасындағы жағдайды сондай-ақ, Ереванның ҰҚШҰ-ға жолдаған үндеуін талқылады, деп хабарлайды РИА Новости.

 

Атап айтқанда, екі елдің басшылары Сюник облысындағы "шекараны нақтылау" шараларын талқыға салды. Дәл осы мәселе Арменияның алаңдаушылығын туғызып отыр. Ереван шекараға Әзербайжанның әскери құрылымдарының жақындап келе жатқанын мәлімдеді. Содан Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттермен консультация өткізуге тапсырма берді.  

 

Ал Тоқаевпен сөйлескен Ильхам Әлиев Арменияның "осы процеске орай ақылға қонымсыз әрекет жасап жатқанын" мәлімдеді.

 

"Арменияның ҰҚШҰ-ына жасаған үндеуі осы мәселені интернациоландыруды көздейді. Оның еш негізі жоқ. Шекарада қақтығыстар болған жоқ. Жағдай тұрақты, келіссөздер жалғасып жатыр", – делінген Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Айта кетейік, бүгін таңертең Пашинян Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Әзербайжанның Армения аумағына қол сұғушылығына жол беруге болмайтынын жеткізді.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.05.2021, 17:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31