Тоқаев пен Мирзиёев бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтады

09 мамыр 2022, 22:55

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президенттер бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтап, бауырлас екі мемлекеттің халқына құт-береке тіледі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылады.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және басқа да салалардағы өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты жандандыруға ерекше мән берді. Сондай-ақ көпжақты серіктестікті одан әрі жан-жақты дамытуға ниеттестік білдірді.

Бұдан бөлек көшбасшылар аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде осы жазда өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуін қарастырды.

Skifnews.kz