Тоқаев пен Путин және Назарбаев телефон арқылы сөйлесті: қандай мәселе айтылды

17 мамыр 2021, 20:36

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Кремльдің сайты.

 

Сонымен қатар, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да қатысуымен болған әңгіме барысында екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың мәселелері сөз болды.

 

 

"Телефон арқылы сөйлесу кезінде Владимир Путин Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен де әңгіме өрбіді. Сөз арасында Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы мен стратегиялық серіктестікті барынша нығайтуға деген өзара міндеттемелер туралы айтылды", – делінген хабарламада.

 

Көшбасшылар бұдан әрі тығыз байланысты жалғастыруға деген ниеттерін білдірді.

 

 

 

sputnik.kz