Саяси сахна

Тоқаев президенттің өкілеттігін кеңейтетін заңға қол қойды

  • Тоқаев президенттің өкілеттігін кеңейтетін заңға қол қойды

    Тоқаев президенттің өкілеттігін кеңейтетін заңға қол қойды

Заңға енгізілген түзетулер төтенше жағдай режимі әрекет ететін кезде мемлекет басшысының өкілеттігін кеңейтеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Құжат төтенше жағдай кезінде мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу механизмін анықтайды.

Заң президентке төтенше жағдайда тұрақтылықты сақтауға және ұлттық, оның ішінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл шараларды талап ететін қоғамдық қатынастарға тез араласуына мүмкіндік береді.

Төтенше жағдай кезінде қабылданған барлық құқықтық акті оның әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

29 сәуірде төтенше жағдай мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілген түзетулерді мәжіліс депутаттары мақұлдады. Сенат қабылдағаннан кейін құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, 11 мамырға дейін созылды.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 761    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 18:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 00:45
    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31