Саяси сахна

Тоқаев: Тәжікстан алдағы самиттерге өте жоғары дайындығын көрсетті

  • Тоқаев: Тәжікстан алдағы самиттерге өте жоғары дайындығын көрсетті

    Тоқаев: Тәжікстан алдағы самиттерге өте жоғары дайындығын көрсетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Қазақстан президентінің Тәжікстанға жұмыс сапары осы елдің басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуден басталды. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. 

Президент Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында өзекті жаһандық мәселелерді талқылау аса маңызды екенін айтты.

«Қонақжай Тәжік елінің, Душанбе қаласының алдағы самиттерге дайындығы өте жоғары деңгейде екен. Біздің тарап министрлер деңгейінде қажетті құжаттарды пысықтады. Қол қойылатын құжаттарды отырыс барысында жан-жақты талқылаймыз деп ойлаймын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тараптар екіжақты форматта да, көпжақты құрылымдар аясында да бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екенін атап өтті.




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 22:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31