Саяси сахна

Тоқаев тұңғыш президент Назарбаевтың жолын неге жалғастыратынын айтты

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президент сайлауына түсіп, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жалғастыруға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне зор сенім артып, "Nur Otan" партиясы атынан Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ұсынған Елбасыға алғысын айтты.


"Мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлғаның маған артқан жауапкершілік жүгін бүкіл болмысыммен сезінемін. Сондықтан сенімге серт беріп, бар қажыр-қайратымды жұмсаймын", - дейді Тоқаев "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезінде.


Президент Елбасының 19 наурыз күні тарихи үндеуінде айтқан сөздері ұстанымына айналатынын атап өтті.


"Партия төрағасы, Елбасы 19 наурыз күні өзінің тарихи үндеуінде тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, мәңгілік елімізді сақтай біліңдер деді. Әрбір қазақстандықтың жүрегінен жол тапқан бұл сөздер менің де ұстанымым болады. Қазіргі аумалы-төкпелі заманда біздің бағытымыз айқын. Елбасы аманаты бізді биік белестерге жетелейді", - дейді мемлекет басшысы.


Тоқаев алдағы уақытта Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жалғастыруға дайын екенін айтты.


"Тұңғыш президентініміздің жемісті жолын жалғастыруды мен аса мәртебелі міндет деп санаймын", - деді ол.


Айта кетсек, еліміздің астанасында өтіп жатқан "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XIX съезінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев түсетінін мәлімдеді.


Президент сайлауы


Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 20 наурызда Қазақстан президенті лауазымын иеленді. Одан бір күн бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқан болатын.


Қазақстан президенті Тоқаев 9 сәуірде ел халқына үндеу жасап, биыл кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі.


 




Көрілген: 558    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.04.2019, 14:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30