Саяси сахна

Тоқаев Түркі кеңесі елдерінің саммитіне шақырылды

  • Тоқаев Түркі кеңесі елдерінің саммитіне шақырылды

    Тоқаев Түркі кеңесі елдерінің саммитіне шақырылды

Сонымен қатар мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағын жоғары бағалады.

Қазақстан президенті Түркия ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентопты қабылдады.

Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде құбылмалы жағдай қалыптасса да, түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығының өте маңызды екенін атап өтті.

– Әлемдегі құбылмалы жағдайды ешкім дөп басып болжай алмай отыр. Осыған қарамастан, біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара сенімге, достыққа негізделген, – деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанына тоқталып, бауырлас елдің жетістігіне қуанатынын жеткізді. Сонымен қатар мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағын жоғары бағалады.

Мұстафа Шентоп Қазақстанға жасаған сапары аясында қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді. Сондай-ақ ол әлемдік пандемияға байланысты бетпе-бет кездесулердің шектелгеніне қарамастан, екі елдің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті.

– Қараша айында біздің елде өтетін Түркі кеңесі елдерінің саммитінде түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жөнінде бірқатар маңызды шешім қабылданады деген үміттеміз. Өзіңізді сол саммитте күтеміз, – деді Түркия ұлы ұлттық жиналысының төрағасы.




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 16:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31