Саяси сахна

Тоқаев: Түркістан - бүкіл түркі халықтары үшін қастерлі қара шаңырақ

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда басталған Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінің жұмысын ресми түрде ашты.

 

Бұл басқосуды бәріміз үшін қасиетті Түркістанда ұйымдастыруды жоспарлаған едік. Алайда пандемияға байланысты күрделі ахуалға орай біз саммитті онлайн форматта өткізуді жөн көрдік. Індеттің беті қайтқан соң, бұрынғыдай бетпе-бет кездесеміз деп сенемін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын, - деді Президент саммиттің ашылуында.

 

Президент іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі ретінде бейресми саммитті ашық деп жариялады.

 

Сондай-ақ отырысты қандай тәртіппен өткізу керек екенін ұсынды.

 

Ең алдымен, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сөз беріледі. Ары қарай Мемлекет басшылары сөз сөйлеп, Түркі кеңесінің бас хатшысы баяндама жасайды. Саммит соңында кеңестің мәртебесіне қатысты қорытынды декларацияны қабылдаймыз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 

1992 жылы Анкарада өткен алғашқы басқосуда Елбасы Түркі елдерінің кеңесі бұдан былай киелі Түркістанда өтіп тұрады деп айтқан.

 

Түркістан - бүкіл түркі халықтары үшін қастерлі қара шаңырақ. Бабаларымыз осы өңірде ғұлама ұстаз Қожа Ахмет Яссауиден діни білім алып, ислам мәдениетін әлемге таратқаны белгілі, - деп айтты Тоқаев.

 

Ел Президентінің айтуынша, түркілер құндылықтарымызды түп-тамырымен сақтап, бірлігіміздің бекем болуына негіз болды. Сондай-ақ негізгі мақсат - Түркі әлемін ХХІ ғасырда маңызды экономикалық және мәдени-гуманитарлық кеңістіктің біріне айналдыру.

 

Түркі өркениетін жаңғыртуды, ең алдымен, Яссауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамыз. Сол үшін бүгінгі саммит Түркістан түркі әлемінің рухани астанасымен аталып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласы түбегейлі өзгеріп, жаңа келбетке ие болды, - деп атап өтті Президент.

 

Айта кетейік, саммиттің ашылуында Түркістан қаласы туралы бейнефильм ұсынылды.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 18:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31