Тоқаев Украина және Ресей президенттерімен не жайында сөйлескенін айтты

03 наурыз 2022, 12:01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленский және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы не жайында сөйлескенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік", - деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.

 

Сондай-ақ, Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлескенін жазды.

 

"Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым", - деді Тоқаев.

 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина басшысымен телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын.