Тоқаев ҰҚШҰ-ның кезектен тыс сессиясын өткізеді

09 қаңтар 2022, 20:31

Ертең, 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаевтың ұсынысымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс сессиясы онлайн форматта өтеді. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Сол жиында Президент еліміздегі ахуал бойынша әріптес мемлекет басшыларына толыққанды мәлімет береді деп ойлаймын", - деді Берік Уәли.

 

Сонымен қатар, Президент баспасөз хатшысы ҰҚШҰ-ның құрылудағы мақсатын түсіндірді.

 

"Біз ҰҚШҰ-ның мүшесіміз, ол қандай да бір ішкі, сыртқы қауіп-қатер төнгенде көмектесу үшін құрылған ұйым. Осындай жағдай туғанда неге көмекке жүгінбеске? Тәуелсіздікке нұқсан келеді, олар қалып қояды дегенді қою керек, оны халыққа түсіндіріп айту керек. Бұл бағыттағы жаңсақ пікірге негіз жоқ", - деді ол.