Саяси сахна

Тоқаев ұлттық кеңестің мүшелері неге ауысқанын түсіндірді

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы неге жаңарғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында кеңес мүшелері алмастырылды. Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келді. Кеңестің бұрынғы мүшелеріне белсенді жұмыстары үшін ризашылығымды білдіремін", - деп жазды президент твиттерде.

 

Айта кетсек, президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне жаңа адамдар қосылды.

 

Олар:

 

белгілі қоғам қайраткері, мәжіліс депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының "Қазақстан ардагерлері" қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл;

белгілі заңгер, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов;

қоғам қайраткері, "Мазмұндама" ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан;

Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков;

"Талбесік" көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі, журналист Ләззат Қожахметова;

заңгер, "Ізгілік елшісі" республикалық еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова.

 

Ротация аясында адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, балалар омбудсмені Аружан Саин, бұрынғы бизнесмен-омбудсмен Болат Палымбетов, "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев, саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай, Қазақстан даму банкінің басқарушы директоры Асқар Әміртаев ұлттық кеңестің құрамынан шығарылды.

 

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 12 маусымда құрылып, оның алғашқы отырысы 2019 жылы 6 қыркүйекте өтті. Ұлттық кеңестің құрамына әртүрлі саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, жетекші қазақстандық сарапшылар кіреді.

 

​Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы осы жылдың сәуірінде өтеді.

 

 




Көрілген: 226    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.03.2020, 17:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30