Саяси сахна

Тоқаевқа «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағы ұсынылды

  • Тоқаевқа «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағы ұсынылды

    Тоқаевқа «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағы ұсынылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Akorda.kz.

Кездесуде ел Президентінің тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылданған бірқатар заңдар жөнінде, соның ішінде, республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, сайлау туралы заңға енгізілген түзетулер туралы айтты. Мемлекет басшысы аталған заңдарға қол қойды.

Жоғарғы палата квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды реттейтін заң қабылдады. Қазіргі уақытта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, Салық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және басқа да заң жобалары депутаттардың қарауында жатыр.

Мәулен Әшімбаевтың мәліметі бойынша осы сессия басталғалы бері сенаторлар 12 заң жобасына бастамашы болды. Оның 3-ін Парламент қабылдаса, 4-уі Сенат пен Мәжілістің қарауында. Тағы 5 заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленіп жатыр.

Сенат Төрағасы Президентке парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің заң шығарушы органдарымен байланыстарды нығайту жөнінде айтты.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағын ұсынды. Аталған үш томдықта Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың қасіретті тарихын баяндайтын мыңнан астам архив құжаттары жинақталған.

Akorda.kz.




Көрілген: 1065    Пікірлер: 0

жұма, 28.05.2021, 12:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31