Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тоқаевты неге Путин қарсы алмады? Абаев қызу талқыға түскен жайтты түсіндірді

05 сәуір 2019, 09:37

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшысы Дәурен Абаев әлеуметтік желіде пікірталас туғызған "Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеуде дұрыс қарсы алды ма?" деген сұраққа жауап берді.

"Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында Абаев атап өткендей, бұл жағдайда халық қызу талқылайтындай ештеңе болған жоқ.

"Кей БАҚ-та журналистер президентті қарсы алғандар арасында Ресейдің сыртқы істер вице-министрі Александр Панкин болды дегенді жазуды ұмытып кеткендіктен, шу басталып кетті", - дейді министр.

Оның айтуынша, дипломатиялық сапарлар деңгейі бойынша мемлекеттік, ресми, жұмыс және бейресми деп бөлінеді. Әр сапардың хаттамалық ерекшеліктері мен ережелері бар және олар міндетті түрде сақталуы тиіс.

"Кеше ресми сапар болды, сол себепті әуежайда елшілер мен хаттамалық қызметтердің басшылары қарсы алуы керек еді. Бірақ соның өзінде де ресейлік тарап сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасарын жіберді, бұл қонаққа деген үлкен құрметтің белгісі, - деді Дәурен Абаев. – Мемлекет және үкімет басшылары басқа елдің президентін мемлекеттік сапарлар кезінде ғана қарсы алады".

Тоқаев Путинмен кездесуінде: мен алтын ғасырда президент болдым

Сонымен қатар, министр айтқандай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретіндегі алғашқы ресми сапары өте сәтті болған.

"Мемлекет басшыларының кездесулері өзара сенім мен достық қарым-қатынаста өтті", - деп мәлімдеді ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Бұдан бұрын саясаттанушылар "Ресей тарабы Тоқаевты дұрыс қарсы алды ма?" деген желі қолданушыларының қызу талқысына қатысты пікір білдірген еді.

Sputnik