Саяси сахна

Тоқаевты ұлықтау рәсімі қашан және қалай өтеді?

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Жаңадан сайланған Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі дауыс беру қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі.


Заң бойынша Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының соңғы қорытындысын дауыс беру өткеннен кейін бір апта ішінде жариялауы тиіс. Яғни, 17 маусымға дейін биылғы сайлаудың нақты нәтижесі белгілі болады. Ал жаңадан сайланған президентті ұлықтау рәсімі дауыс беру қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізілуі керек.


Бұл дегеніміз президенттің инаугурациясы 17 шілдеге дейін өтеді деген сөз. Ант беру күнін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.


Айта кетсек, Қазақстан президенті өкілеттігінің ауысуы 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы Конституциялық заңның 27-бабында көрсетілген


Ант беру рәсімі


Президент халыққа ант берген соң қызметіне кіріседі. Ант мәтіні:


"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан республикасы президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн".


Республика президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.


Ант беру салтанатты жағдайда парламент депутаттарының, Конституциялық кеңес мүшелерінің, Жоғарғы сот судьяларының, сондай-ақ елдің барлық бұрынғы президенттерінің қатысуымен өткізіледі.


Президент елдің Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан республикасының мемлекеттiк гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы президентке Қазақстан республикасы президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.


Қазақстанда президент сайлауы қалай өтті


Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Бұл жолы ел басқаруға үмітті жеті кандидат бақ сынасты.


Республика бойынша 9 970 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Ал шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде 65 учаске ашылды.


Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша сайлаушылардың (сайлаушылар тізімінде 11 814 019 адам болды) 77,4 проценті дауыс беруге келген. Көш басында Алматы облысы – 89%, Ақтөбе облысы – 84,9% және Шығыс Қазақстан облысы.



Тоғызынан оныншы маусымға қараған түні сағат он екіде Exit-Pool нәтижелері жарияланды. "Қоғамдық пікір" институтының Exit-poll қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13% дауыс жинады. Екінші орында 15,39% дауыспен Әміржан Қосанов.



"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі де Қасым-Жомарт Тоқаевтың 69,94% дауыс жинағанын көрсетті.


10 маусымда Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады.


ОСК мәлімдеуінше, 9 маусымда өткен президент сайлауында кандидаттар келесідей дауыс жинаған:


Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,76%;

Әміржан Қосанов - 16,02%;

Дания Еспаева - 5,2%;

Төлеутай Рақымбеков - 3,2%;

Амангелді Таспихов - 2,07%;

Жамбыл Ахметбеков -1,82%;

Сәдібек Түгел - 0,92%.


Sputnik




 




Көрілген: 551    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 14:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31