Саяси сахна

Тоқаевтың баспасөз хатшысы президенттің шешімін түсінбегендерге жауап берді

  • Тоқаевтың баспасөз хатшысы президенттің шешімін түсінбегендерге жауап берді

    Тоқаевтың баспасөз хатшысы президенттің шешімін түсінбегендерге жауап берді

Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік "Спутник-V" вакцинасын салдырғаны хабарланған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлі мемлекет басшысының қазақстандық екпені күтпей, Қарағандыда шығарылған ресейлік вакцинаны салдыру туралы шешімін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, "Спутник-V" екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда. Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді", - деп жазды Уәлі Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, "QazVac" атты қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр.

"Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті. Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді", - деп атап көрсетті президенттің баспасөз хатшысы.  

Айта кетейік, Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакциналау басталған болатын. Бас кезінде індетті жұқтыру қаупі жоғары санатқа кіретін адамдар – медицина қызметкерлері, полицейлер және тағы басқа мамандарға салынды. Қазіргі кезде барлығына бірдей вакцина салу шаралары басталып жатыр.




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 14:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30