Тоқаевтың досы президенттің отбасы жайлы айтып берді

Тоқаевтың досы президенттің отбасы жайлы айтып берді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыныптасы қазіргі мемлекет басшысы отбасының қарапайымдылығы мен қонақжайлығы туралы айтты.

Андрей Антоненко - Қасым-Жомарт Тоқаевтың досы әрі сыныптасы. Осыдан бірнеше жыл бұрын олардың үйінде қонақта болып, ата-анасы, інісі және қарындастарымен араласқанын айтты, деп хабарлайды "Комсомольская правда - Қазақстан".

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вячеслав Константинов және Андрей Антоненко (солдан оңға қарай), 1970 жыл
 

"Пәтерлері өте қарапайым болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев өте салмақты, байсалды адам еді. Балалық шағында басынан өткен ауыр кезең, жақындарының айырылу, соғыс пен жарақаттың салдары болар. Алайда ол қатал көрінбейтін. Оның байыппен сөйлегені, өткір көзқарасы есімде қалды", - деді Антоненко.

Андрей Антоненко президенттің анасының қонақжайлығы туралы да айтты. Ойнап жүрген балалар үйге кірген кезде, әрқашан дастарқан жайылып, тәтті бәліш дайын тұрған екен.

"Іні-қарындастары өте тәрбиелі болатын, үлкендерді сыйлайтын. Ата-анасы өмірден озған соң іні-қарындастары үшін Жомарт олардың орнын басты деуге болады ", - дейді Андрей Антоненко.

Сондай-ақ, президенттің досы әрі сыныптасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесіне деген. құрметі туралы да айтты.

Кемел Тоқаевтың еңбектері
 

"Жомарттың әкесіне деген құрметі бірден байқалатын. Ол кісі, расына да, өте ерекше жазушы болды. Жомарт әкесін мақтан тұтты деп ойлаймын. Алайда ешқашан әкесінің шығармашылығы туралы айтып, мақтанған емес ", - деп еске алады Андрей Антоненко.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әке туралы толғаныс" кітабы
 

Антоненконың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев әдеби тапсырмаларға аса жақын болмаған. Алайда оның шығармалары орыс тілі және әдебиеті сабағында барша сынып алдында оқылған кездер жиі болыпты.

Sputnik

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста