Тоқаевтың кеңесшісі тағайындалды

27 сәуір 2022, 16:38

“Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген ресми хабарламада.

Мәлік Нұржанұлы ОТАРБАЕВ, 1980 жылдың 2 ақпанында Жамбыл облысы, Байзақ ауданының (бұрыңғы Свердлов) Ақжар ауылында дүниеге келген. 

2001 жылы Алматыдағы Сүлеймен Демирел университетінің Халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат факультетінің стажер-зерттеушісі болды, кейін аталған факультеттің аспирантурасында оқыды. Халықаралық мәдени-интеллектуалды "da Қазақстан" журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, директор орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағына қарасты "Қаламгер" журналының бас үйлестірушісі міндетін атқарды.

2014-2016 жж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дағы өкілі.

2016 жылдың сәуір айынан бастап, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінде дипломатиялық қызмет атқарады.

Алғашқы кітабы – "Ойқазан" атты әдеби-философиялық ойтолғауы 2010 жылы жарық көрді.

2017 жылы "Баянды бақ" атты пьесасы Атырау облыстық Махамбет атындағы драмалық театры сахналанды. Аталған спектакль ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі аясында М. Горький атындағы драмалық театрында қойылды. Түркияға арнайы шақырту алды.