Саяси сахна

Толық емес жұмыс күніне көшуге рұқсат етілді – Тоқаев заңға қол қойды

  • https://baigenews.kz/

    https://baigenews.kz/

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отбасында науқас туысы бар қызметкерлер үшін ерекше жұмыс кестесін қарастыратын еңбек мәселелері туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Қазақстан сенаты 30 сәуірде өткен жалпы отырыста заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Ал мәжіліс заң жобасын өткен жылдың 18 желтоқсанында бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Сол кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов заң жобасындағы негізгі өзгерістерге тоқталды. Соның бірі – науқас жақынын күтіп-бағып отырған азаматқа толық емес жұмыс күнін ұсыну.

 

"Жалақысы сақталмайтын демалыс бүгінгі таңда тараптардың өз келісімі бойынша беріледі. Алайда отбасының науқас мүшесін күту үшін ұзақ демалыс қажет болған кезде, жұмыскерлер жалақысы сақталмайтын демалыс ала алмай, соның салдарынан жұмыстан шығуға мәжбүр болып жатады. Осыған байланысты, медициналық қорытындыға сәйкес отбасы мүшесіне күтім жасау үшін қызметкерлерге толық емес жұмыс уақыт режимін енгізу ұсынылады", - деді министр мәжіліс отырысында.

 

Нұрымбетовтың айтуынша, отбасы мүшелері ретінде күйеуі немесе әйелі, балалары, ата-анасы қаралып отыр. Яғни, тек ең жақындары.

 

"Еңбекақы еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс істеген уақыты үшін төленеді", - деп нақтылаған болатын ол.


 




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 22:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қыркүйек, 00:59
    Праймериз деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31