Саяси сахна

Төтенше жағдайлар министрлігі шұғыл хабар таратты

  • Төтенше жағдайлар министрлігі шұғыл хабар таратты

    Төтенше жағдайлар министрлігі шұғыл хабар таратты

Қазақстанның 15 өңірінде дабылды ескерту жарияланып, Нұр-Сұлтан қаласындағы,  Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жолдар жабылды. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі төрт облыс пен Нұр-Сұлтан қаласында 48 жол учаскесі жабылғанын хабарлады.   

"Қазгидромет" РМК дерегі бойынша еліміздің 15 өңірінде дабылды ескерту жарияланды: Нұр-Сұлтан қаласы, Шымкент қаласы, Ақмола, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан,Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда,  Маңғыстау, СҚО және Түркістан облыстары", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
ТЖМ Ахуалдық орталығында республикалық жедел штаб құрылды. Оның құрымында "Қазавтожол" ҰК АҚ, "Казахавтодор" ЖШС өкілдері және ІІМ ӘПК қызметкері бар. Ақмола, СҚО, Қостанай облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД де осындай штабтар жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жолдың нашар көрінуі, көктайғақ) еліміздің бес өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы,  Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесі мен облыстық маңызы бар автожолдардың 40 учаскесінде қозғалыс жабылды.

Шұғыл жұмыстарға жалпы ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардан 611 адам және 321 бірлік техника жұмылдырылды.

Халықты эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 284 жылыту пункті дайындалды, онда 227 адам, оның ішінде 14 бала орналастырылды: СҚО (132, оның ішінде 7 бала), Қостанай облысында (64 адам, оның ішінде 7 бала).

ТЖМ аумақтық бөлімшелері Ақмола, Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарындағы автожолдарда 77 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады, 20 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлағаны туралы 21 СМС-хабарлама таратылды. "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы 16 хабарлама жіберілді.

Уақтылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін Республикалық жедел штабта және өңірлерде (Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында)  жедел байланыс желісі ашылды.




Көрілген: 902    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 13:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30