Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Төтеншеліктер төтесінен жауап бере алмады

28 мамыр 2011, 12:52

Кеше Сенаттағы «Өңір» депутаттық тобының мәжілісінде төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко оңтүстіктегі бас шаһарға қатысты тағы бір «төтеншенің» басын қылтитты. Министр соңғы уақытта Алматы маңындағы Іле Алатауының таулы аймақтарында лай көшкінінің қаупі артып отырғанын алға тартады.
«Бізде қазірдің өзінде кейбір аймақ­тарда лай көшкіні ақырындап жылжи бас­тағандығы жөнінде мәлімет бар. Төтенше жағдайлар министрлігі осы қауіп-қа­тер­лерді геологиялық қызметпен және әкім­дік­термен бірлесіп, жіті бақылап отыр», – деп нақтылайды министр. Расында, оңтүстіктегі бас шаһарда лай көшкінінің ық­тимал қаупінің болуын бұған дейін де­путаттар да бірнеше көтеріп, БАҚ-та сан рет жазылған. Мәселенің ретіне қарай, рес­ми билік қарекетке қамданғандық көр­сеткен сыңайда еді. Ал бұл жолғы қа­уіптің туу себебін төтеншеге тікелей жа­уап­ты министр Алматыға жауын-ша­шын­ның молынан жауғандығымен түсіндіріп отыр. Онысы негізсіз де емес. Дегенмен ми­нистр алматылықтардың тау басындағы №6 көлдің деңгейіне қатысты алаң­дау­шы­лығына тұшымды жауап қата алмады. «Не­гізсіз деуге келмес. Дегенмен жыл са­йын біздің тарапымыздан арнайы шаралар ат­қарылып жатыр, қауіп тудырған көл – жі­ті назарда. Көлден мәз кетіп, оның лай көш­кінін тудыратын сызат түсірмесі үшін География институтымен қажетті жұмыс жа­салып жатыр», – дейді министр.
Жиын барысында бүкіл елді дүр­лік­тірген Алматыдағы жер сілкінісі мәселесі де қозғалды. Божконың министрлігі қазір Ал­маты қаласының сейсмикалық тұ­рақ­ты­лығына байланысты болжам жасап, қа­уіп­ті аймақтарды анықтау, сел, зілзала сияқ­ты апаттардан тұрғындарды уақытын­да хабардар ету сияқты шараларды жүзеге асы­румен айналысып жатқаны белгілі бол­­ды. Министрдің сөзінше, өткенде жұрт­­ты дү­рліктірген Алматыдағы жер сіл­кінісі кейінгі бес жыл көлемінде 70 рет болған. «Алайда бұған дейінгілердің еш­қай­сы­сын­да да соңғы жер сілкінісінде­гідей үрейлі бол­ған емес. Оған бәлкім, Жа­понияда бол­ған оқиға әсер еткен шы­ғар. Интер­нет­тің де үрейге үрей қосары  бел­гілі. Сон­дықтан да біз азамат­та­ры­мыз­дың бел­сенді коммуникациялық мүм­кін­дік­терін ес­кермеген сыңайлымыз. Осының салда­ры­нан елдегі түрлі оқиғаларға бай­ланысты ел ішінде алыпқашпа әңгімелер де көп. Біз алдағы уақытта осындай қаңқу сөз­дердің мейлінше алдын алуға ты­ры­самыз», – де­ді министр. Осыған орай, тө­тен­шеліктер тұрғындармен етене тілдесіп, жұрт­шылық мұң-мұқтажы жайында ин­тер­нет арқылы ұдайы пікір алмасып отыру мақ­сатында жаңа сайт ашпақ. Төтенше басшысы, сон­дай-ақ елімізде бұқаралық ақпарат құ­рал­дарынан бөлек электронды бил­борд­тар­ды пайдалана отырып, халық көп жи­налатын орындарда тұрғындарды төтенше жағдайлар саласындағы ақпарат­тар­мен қамтамасыз ететін жүйе орнату қа­жет­тігін жет­кізді. Мәселен, Ресейде халық көп жи­на­латын орындарында тап осындай 30 мың билборд орналастырылған. Онда түр­лі апаттар мен жайсыз жағдайларға бай­­ланысты ақпараттар мен аза­мат­тар­дың қандай жағдайда өздерін қалай ұстау қа­жеттігі жөніндегі мәліметтер көрсетіліп оты­рады. «Сондай-ақ қазір халық ара­сын­да төтенше жағдайларға қатысты жал­ған мәліметтерді тарату шараларының алдын алу мақсатында мемлекеттік ор­ган­дар атқаратын істердің жүйесі жолға қо­йы­луы тиіс. Бұған қоса, күш-қуат құрылым­да­ры мен олардың аумақтық органда­ры­ның сырттан келетін шабуылдар мен өзге де ықпалдарға төтеп бере алатын арнайы сайтын жасау қажет», – дейді В.Божко.

Тақырыпқа тұздық
Республика бойынша 658 мектеп, 208 аурухана, 87 мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелер мен 1 186 қоғамдық ғимарат, 432 өндіріс ошақтары сейсмикалық жағынан нығайтуды қажет етеді. Ал Тұрғын үй және коммуналдық-шаруашылық істері агенттігінің мәліметінше, сейсмикалық жағынан қауіпті аймақтардағы апатты жағдайдағы тұрғын үйлер саны 2 мыңға жуықтайды. Бұған қоса, қауіпті аймақтардағы басым нысандар күрделі жөндеуді қажет етсе, кейбірінің пайдалану мерзімі баяғыда-ақ өтіп кеткен.