Саяси сахна

Трамп импичментіне байланысты тағы бір адам ұсталды

  • Рудольф Джулиани және Лев Парнас.

    Рудольф Джулиани және Лев Парнас.

АҚШ-та президент Дональд Трамптың адвокаты Рудольф Джулианимен байланысты тағы бір адам қамауға алынды. Пост-советтік елдердің бірінде туған Сан-Францискода тұратын бизнесмен Андрей Кукушкин "сайлау кампаниясын қаржыландыру ережесін бұзды" деген күдікке ілінді деп жазды CBS.


Бұл іс бойынша жалпы төрт күдікті бар: Андрей Кукушкиннен бөлек Украина мен Беларусьте туған Лев Парнас және Игорь Фруман және АҚШ азаматы Дэвид Коррейя. Оған іздеу жарияланған. Прокурорлардың болжамынша, күдіктілер белгісіз ресейлік кәсіпкермен байланыс орнатып, оның ақшасын сайлау кампаниясына жұмсаған. Өздерінің бизнесіне қолайлы жағдай жасауды көздеген. Күдіктілер Республикалық партияға ақша салып, Трамп кампаниясына 325 мың АҚШ долларын аударған. Бұл - заң бойынша бекітілген нормадан көп.


Айыптау тарабы Парнас пен Фруманның Трамп адвокаты Рудольф Джулианиге қатысы бар деп топшылайды. Болжам бойынша, кәсіпкерлер Джулианидің тапсырмасымен Украинада бұрынғы вице-президент Джозеф Байден мен оның ұлы Хантер ісін тексеруді ұйымдастыруға көмектескен. Джозеф Байден АҚШ-та келесі жылы өтетін президент сайлауында Трамптың басты қарсыласы болуы мүмкін.


Егер Парнас пен Фруманның кінәсі дәлелденсе, олар 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Кукушкин мен Коррейе бес жылға сотталуы мүмкін. Сот тыңдауы 17 қазанда Нью-Йоркте басталады.


Бұған дейін The New York Times басылымы АҚШ прокуратурасының Дональд Трамптың жеке адвокаты Рудольф Джулианиге қарсы тергеу жұмысын бастағанын хабарлаған. Джулиани "лоббизм туралы заңды бұзды" деген күдікке ілінген.


Дау Трамптың 25 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгімесінен соң туған. Америкалық басылымдар Трамптың Зеленскийді 2020 жылғы сайлауда өзінің бас қарсыласы болатын Джо Байденнің үстінен жемқорлық дауы бойынша іс қозғауға мәжбүрлемек болғанын жазды. Сыншылар Трамп "қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, ықтимал қарсыласына компромат табуға тырысты" деп айыптады. Дональд Трамп бұл айыптауларды жоққа шығарды.


Трамп пен Зеленский арасындағы әңгіме белгілі болғаннан кейін АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар Трампқа "берген сертін бұзғаны үшін" импичмент жариялау процесін бастаған. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Трамптың қысым жасамағанын айтқан.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


azattyq.org


 


 


 


 


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 425    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 18:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30