Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тұңғыш Президент күнін мерекелегенде, негізінен, қандай іс-шараларға басымдық берген жөн?

01 желтоқсан 2012, 13:26

Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА, Президент жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы:
– Меніңше, Тұңғыш Президент кү­нін мерекелегенде, бірінші кезекте Ел­ба­сымыздың қазіргі заманға сай идея­ларын насихаттау ісіне басымдық беру ке­рек. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың ел экономикасын индустриялық ин­новацияға бейімдеу туралы еңбек­те­рін бүгінгі ұрпақ санасына сіңіре білуді өз басым жөн санаймын. Әрине, биыл мұндай мерекелі күнді біз бірінші мәрте атап өтпекпіз. Алдағы уақытта бұл мерекелі күннің ауқымы кеңейсін десек, аталмыш мерекені  дәстүрлі түр­де өткізіп тұрғанымыз жөн. Әлем елде­рінің біразында мұндай Прези­дент күн­дері атап өтіледі. Мұның бар­лығы Ел­ба­­сының салиқалы істерінің насихатын арттырып, еңбегін елге ашып көрсете білу үшін аса қажет. Өз­дері­ңіз білесіз­дер, қазірде, Президент күніне орай, көп­теген мектепте Ел­басының өмір­бая­нын оқушыларға жатық білу жұмыстары жалғасын табуда. Мұның өзі отансүй­гіш­тік сезім­ді,  Тәуелсіздік жолында жет­кен жетіс­тік­терімізді бүгінгі ұрпақ­тың санасына тереңірек сіңіруге мүмкіндік бер­мек. Болашақта мұндай істер жал­ға­сын тауып, келер уақыттарда Президенті­міз­дің естеліктері,  идеялары ұр­пақ санасына терең сіңіс­кені жөн деп ойлаймын.

Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Тәуелсіздік алғанымызға биыл – 21 жыл. Десек те, осы уақыт аралы­ғын­­­да біз Елбасымыздың ел үшін істеген еңбегін діттеген межеде айта алып жүр­міз бе? Әлде құр мадақтауға жол бе­ріп жүрміз бе? Нақ қазір бізді ойлан­тар сауал осы болуы керек. Жасыратыны жоқ, кей кездері құр мадақтауға жол беріп алатынымыз да бар. Білесіздер, біздің Елбасымызды әлем елдері көре­ген, салиқалы саясаткер ретінде мо­йын­дайды. Ол кісінің істеген еңбектерін, еңбекқорлығын, жаңалыққа деген құштарлығын  біршама мемлекеттердің басшылығы мойындайды. Күні кеше ғана қазақтың атын айдай әлемге та­ныт­қан  ЕХРО-2017 көрмесін өткізу мәр­тебесіне ие болғанымыздың өзі – ауыз толтырып айтуға тұратын нәрсе. Бұған дейін де БҰҰ көлемінде еліміздің атақ-даңқын аспандата алдық. Қазірде біздің елімізді ядролық қарудан бас тартқан мемлекет ретінде әлем таниды. Бұған қоса қаншама еуропалық беделі бар ұйымдарға төрағалық еттік. Ойлап қарасақ, қазақтың атын әлемге таныту­да Елбасымыздың еңбегі айрықша. Де­мек, біз болашақта Тұңғыш Президент күнін дәстүрлі түрде өткізуге мән берге­ні­міз абзал. Ол кісінің бүгінгі жазған-түй­гендерін, өмірбаянын ұрпаққа үлгі ете отырып, мерекелік шара аясын одан әрі тереңдете түскен жөн.

Оразәлі СӘБДЕН, экономист ғалым:
– Бізбен  дүниежүзілік қауымдастық санасатын мемлекет ретінде  мұндай жағдайға дүниежүзілік көзқараспен қа­ра­ғанымыз жөн. Қазірде әлем елдерінің дені өркениеттіліктің эшалонына ілесу­ге барынша жанталасып жатыр. Біз де өзін­дік позициямыз бар мемлекет еке­ні­мізді әлем елдеріне мойындата бас­та­дық. Әрине, бұл ретте Елбасымыздың маңдай терін, ерен еңбегін айтпай кетуге болмайды. Сондықтан Тұңғыш Пре­зидент күнін мерекелеуде, ең алды­мен, Елбасының еңбек жолдарын ұр­пақ­қа үлгі етуге машықтансақ жөн болар еді. Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріміз бен қиыншылықтарымыз үнемі ашық айтылып, бұл атаулы мере­ке Тәуелсіздігіміздің құнын арттыра тү­су­ге ықпал етуі  қажет. Осы мерекеде Тәуел­сіздіктің құндылығын, бұл жолға жету жолында қаншама тердің төгілге­нін жиі-жиі еске алып отырғанымыз жөн. Қазірде біршама елдер рухани құндылықтарынан айырылып, тек қана шылқып баюды мақсат етіп отырған тұста біз үшін Тәуелсіздік құны, рухани бай­лықтарымыз алғашқы орында тұр­ғаны жөн. Сондықтан болашақта бұл ме­реке рухани құндылықтарымыз­ды на­си­хаттауға бағытталса жөн болар еді.

Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ, Қарағанды облысының әкімі:
–  Әр елдің тарихында ұлт мұратына жеткізер тұлғалар болады. Нұрсұлтан Назарбаев – сондай тұлға. Еліміздің Тұң­­ғыш Президенті қоғамдық құры­лым­ның бірінен екіншісіне өтуге орай туын­даған тарихи жағдайларға байла­ныс­ты жас мемлекеттің бас сәулетшісі әрі негізін қалау­шысы бола білді. Жаңа мемле­кеттік мерекенің мән-маңызы мемле­кет тағдыры талқыға түскен сын кезеңде ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекет алдындағы ұшан-теңіз еңбе­гінің өтеуі, халықтың шынайы ризашы­лығының айқын дәлелі екендігінде бо­лып отыр.

Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі:
– Еліміздің Тұңғыш Президентінің күні арнайы мереке ретінде тойланғаны дұрыс. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ елін ата-бабаларымыз аңсаған азат­тыққа жеткізген, бүгінгідей кемел­ді, беделді мемлекетке айналдырған әлем­дік ауқымдағы алып тұлға. Тұңғыш Пре­зидент күнін тойлау қоғамның бір­лі­гін нығайтады, елдің ынтымағын арт­ты­рады деп есептеймін.

Еркебұлан ШӘРІПХАНОВ, ШҚО Семей қаласына қарасты Қараөлең ауылдық округінің әкімі:
– Тұңғыш рет елімізде кең көлемде аталып өткелі отырған бұл мерекенің мән-маңызы айрықша деп ойлай­мын. Мереке ынтымақ-бірлігі жарас­қан бей­біт еліміздің ауызбіршілігін артты­рып, халықтың Елбасымызға, ел­ге де­ген құрметін еселей түседі деп се­немін.