Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тунис қашқын президентті тұтқындау туралы шешім шығарды

27 қаңтар 2011, 12:08

Тунистің қазіргі билігі тақтан тайдырылған бұрынғы президенті Бен Әлиді тұтқындау туралы халықаралық ордер шығарды. Бұл туралы елдің әділет министрі Лажар Чебби мәлім етті.
Министрдің айтуынша, шығарылған шешім Бен Әлимен қатар оның туыстарына да қатысты. Бұдан бұрын Тунис билігі Швейцарияға экс-президенттің осы елдің банктерінде сақталған қаржыларының шотын жауып тастау туралы өтініш білдірген болатын. Құқық қорғау органдарының пайымдауынша, банктегі қаржы тексерілуі тиіс. Себебі Бен Әлидің жинаған қаржысының белгілі бір мөлшері заңсыз жолмен тапқан табыс болуы мүмкін. 23 жыл бойы Тунис тағында отырған Бен Әли 14 қаңтар күні Сауд Арабиясына бой тасалап кеткен. Ал 19 қаңтарда оның 33 бірдей туысы тұтқындалды. Президенттік басқаруды монархтың билігіне айналдырған Бен Әли тақтан тайдырылса да, елдегі ереуілдер толастамай тұр. Халық уақытша үкіметтің құрамында жүрген экс-президентпен бірге қызмет жасаған шенеуніктер биліктен кетпейінше, шерудің жалғаса беретінін жеткізді.