Түркия Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

18 қаңтар 2022, 00:08

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Түркия вице-президенті Фуат Октаймен телефон арқылы сөйлесті.

 

Октай Смайыловты премьер-министр лауазымына тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

 

Октай қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркияның Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

 

"Түркия Республикасы – Қазақстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі. Қазақстан үкіметі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады", — деді Смайылов.

 

Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 3,74 миллиард долларды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 32%-ке артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден анағұрлым асып түседі.

 

Тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына шамамен $5 миллиард инвестиция салды, ал Қазақстан Түркия еліне $1,1 миллиард инвестиция құйған.

 

Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына биыл 30 жыл толады.

 

 

 

sputnik.kz