Саяси сахна

Түркияның сыртқы істер министрлігі Қазақстанда өткен сайлауға қатысты пікір білдірді

  • https://7kun.kz/

    https://7kun.kz/

Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы Парламент және мәслихат депутаттарын сайлау науқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

 

«Біз бүгінгі парламенттің төменгі палатасы (Мәжіліс) мен жергілікті атқарушы органдарды (мәслихат) сайлау бейбіт және тыныш өткеніне қуаныштымыз. Анкаралықтар сайлау нәтижесі бауырлас қазақ халқы үшін нәтижелі болғанын тілейді», - делінген Түркияның сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

 

Түркия өкілдігі «Биыл тәуелсіздік алғанына 30 жыл толған Қазақстан мен Түркияның стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да дами береді» деген сенім білдірді.

 

Еске салсақ, кеше Қазақстанда Конституциялық мерзімге сай өткен Парламент Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауы өтті.

 

 

 

Мәжіліс сайлауында елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті.

 

Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да кандидаттарын ұсынған.

 

Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде:

 

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 19;

 

«Nur Otan» партиясынан 126;

 

«ADAL» саяси партиясынан 16;

 

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан 38:

 

«Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар.

 

Сайлаудың алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды.

 

 




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31