Саяси сахна

Түрікменстан Ауғанстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

  • Түрікменстан Ауғанстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

    Түрікменстан Ауғанстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Түрікменстан СІМ баспасөз қызметі Ауғанстан шекарасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады және ресейлік БАҚ-ты жалған ақпарат берді деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, соңғы күндері бірқатар ресейлік БАҚ тарапынан "түрікмен-ауған шекарасындағы жағдайға қатысты тексерілмеген және объективті емес хабарламалар" таратылған.

"РБК телеарнасы Ауғанстан шекарасына Түрікменстанның әскери техникасы мен артиллериясын тарту туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты. Бұл сенсация үшін жасалған және басқа ештеңе білдірмейді", - делінген хабарламада.
 
Сонымен қатар, СІМ екі көрші мемлекет халқының бауырластық қатынасы арқасында түрікмен-ауған шекарасы достық пен ынтымақтастықтың шекарасы екенін айтты.

Түрікменстан Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, оның қарамағындағы барлық әскери бөлімше, олардың жеке құрамы мен әскери техникасы тұрақты орналасқан жерлерде қалады және көзделген бағдарламаға сәйкес жоспарлы оқу даярлығын жалғастырады.

"Тату көрші дәстүріне сәйкес, сондай-ақ екіжақты келісімде бекітілген халықаралық құқық пен міндеттемелердің мызғымас қағидаттарын берік орындай отырып, Түрікменстан бауырлас Ауғанстанмен бейбіт және тату көршілік байланыстарды қолдауға және нығайтуға ұмтылады", - дейді СІМ өкілі.

Айта кетейік, 9 шілдеде таңертең Ауғанстанмен шекаралас Серхетабад қаласына әскери техника: танктер, зеңбіректер мен бронтранспортерлер келгені хабарланған болатын.




Көрілген: 1122    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.07.2021, 10:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30