Саяси сахна

Түрікменстан Президенті Ашхабадта Абайға ескерткіш орнатуды ұсынды

  • Түрікменстан Президенті Ашхабадта Абайға ескерткіш орнатуды ұсынды

    Түрікменстан Президенті Ашхабадта Абайға ескерткіш орнатуды ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы толық қолдап, ризашылығын білдірген.

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта ұлы Абайға ескерткіш орнату ұсынысын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазуынша, Түрікмен елінің басшысы мұндай ұсынысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында жасады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында осы елдің көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлын ұлықтауға ұсыныс жасады. Түрікменстан Президентінің пікірінше, Абайдың мүсіні екі халықтың жоғары адамгершілікке негізделген рухани бағдарын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың шынайы көрінісін айғақтайды», - деп жазады Б.Уәли.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы толық қолдап, ризашылығын білдірген.

«Абайдың қасиетті түрікмен жерінде ұлықталуы – барша қазақ халқы үшін ақжолтай жаңалық», – деді Қазақстан Президенті. Еске салайық, 24-25 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды. Шағын құрамдағы келіссөзден кейін, кеңейтілген форматта екіжақты келіссөздер өтті. Кейін қос мемлекеттің басшылары БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Қ.Тоқаевтың Ашхабадқа сапары бойынша видеошолу жарияланды.




Көрілген: 717    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 08:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30