Саяси сахна

ТүркПА бас хатшысы: Қазақстан Президентінің идеясын қолдайды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

ТүркПА үйымының бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының халықаралық қатынастардағы өзара сенімді нығайта түсуде маңызы зор екенін айтты.

 

Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» халықаралық конференциясында арнайы баяндама жасаған ТүркПА бас хатшысы бірқатар шетелдік саясаткерлердің арандатушы мәлімдемелеріне қатысты ойларымен бөлісті.

 

Бүгінде халықаралық қауымдастық соңғы онжылдықтағы ең өткір сенім дағдарысын бастан өткеруде. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы біздің елдеріміз аймақтық және жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайта түсуге бағытталған бірқатар бастамалар арқылы оңтайлы жауап бере алады. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың соңғы оқиғалар тұрғысынан шындығында да өте өзекті мәселелерді көтерген әрі Қазақстанның алдағы даму бағдарын айқындай түсетін мақаласын айрықша атап өтуге болады, &ndash деді ол.

 

Айта кету керек, онлайн-оффлайн режимде өткен шараға 20 астам мемлекеттен ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ, түркі елдерінің бірқатар ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.01.2021, 01:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31