Саяси сахна

Түркістан өз тарихының жаңа әрі жарқын кезеңіне қадам басты- Айдос Үкібай

  • Түркістан өз тарихының жаңа әрі жарқын кезеңіне қадам басты- Айдос Үкібай

    Түркістан өз тарихының жаңа әрі жарқын кезеңіне қадам басты- Айдос Үкібай

Айдос Үкібайдың айтуынша, Елбасы Түркістандағы құрылыстарды оң бағалап, қала шын мәнінде танымастай болып өзгергеніне назар аударған.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанға жасаған сапарынан кейін өз ой-толғамымен бөлісті. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Елбасының жақында Түркістанға жасаған сапарының бағдарламасы өте мазмұнды болды. Үш жарым сағат ішінде Нұрсұлтан Назарбаев жеті нысанға бас сұғып, қала мен облыстың даму жоспарларымен танысты, «Керуен-сарай» кешенін аралады», – деп бастады ол сөзін.
Айдос Үкібайдың айтуынша, Елбасы Түркістандағы құрылыстарды оң бағалап, қала шын мәнінде танымастай болып өзгергеніне назар аударған.

«2018 жылдан бастап Қазақстанның рухани астанасын кезең-кезеңмен салу жоспарын іске асыру бойынша орасан зор жұмыс жүргізілді. Бүкіл түркі әлемінің киелі орталығы саналатын Түркістан өз тарихының жаңа әрі жарқын кезеңіне қадам басты. Ата-бабаларымыздың ерлік істері туралы естеліктер тұнған рухани шаһар ұлтымыздың болашаққа ұмтылысының тағы бір символына айналды», – деді Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы.
Атап өтілгендей, Түркістанның жаңғыруы облыс орталығына ғана емес, бүкіл өңірге мультипликативті экономикалық әсер берген жобаға айналды.

«Үш жыл ішінде өңірдің өнеркәсіп көлемі 18 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі 34 пайызға, шағын және орта бизнестің үлесі 21 пайызға өсті. Осы уақыт ішінде әкімшілік-іскерлік және әлеуметтік-мәдени нысандармен қоса өнеркәсіптік аймақ құрылды. Қала жүз пайыз газбен қамтылды», – дейді А.Үкібай.
Сондай-ақ, ол Түркістанның айналасында ауданы 13 мың гектар болатын жасыл белдеу бой көтеріп келе жатқанын, сол белдеуге 3,5 миллион түпағаш отырғызылғанын айрықша атап өтті.

«Өзінің сан ғасырлық бай тарихында Түркістан мұндай құрылыс ауқымын ешқашан көрген емес. Мұнда инвестициялар тартылуда, мұнда жұмыс орындары құрылуда. Мәселен, облысқа салынған инвестициялар көлемі үш жылда 2,4 еседен астам ұлғайды. Түркістан қаласына 367 миллиард теңгеден астам қаржы инвестицияланды», – деді Айдос Үкібай.

aikyn.kz




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 21:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31