Тұрсынбек Қабатов жаңа саяси партия құратынын мәлімдеді

25 мамыр 2022, 09:44

Қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатов «Абырой» атты жаңа саяси партияны құратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Ол партияда ұлты мен дініне қарамастан Қазақстанның барлық тұрғындары басын біріктіре алатынын алға тартты. Партия бағдарламасында төмендегідей міндеттер көрсетілген:

 

*  бірліктің бірегей қазақстандық моделін сақтап қалу және арттыру;

 

*  елімізде өмір сүретін барлық халықтардың арасындағы берік достықты күшейту.

 

Еске салсақ, жаңа «Абырой» партиясы Тұрсынбек Қабатовтың саясатқа келуге жасаған алғашқы әрекеті емес. 2021 жылы маусым айында Қабатов өзінің Instagam парақшасындағы жазылушылардан «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысу бойынша пікірлерімен бөлісуді сұраған. Жазылушылардың көпшілігі оның бастамасын қолдаған.