Саяси сахна

Үкімет «Арселор Миттал Теміртау» шахтасының жұмысын тоқтатуды талап етті

  • Үкімет «Арселор Миттал Теміртау» шахтасының жұмысын тоқтатуды талап етті

    Үкімет «Арселор Миттал Теміртау» шахтасының жұмысын тоқтатуды талап етті

Шахта апатты жағдайда, өндіріс қауіпсіздігі талаптарына сай емес, - деді ТЖМ департаментінің өкілі.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің Қарағанды облысындағы департаменті Күзембаев атындағы шахтадағы жұмысты тоқтатуды талап етті, деп жазады Азаттық.

Күзембаев шахтасы - Қарағандыда миллиардер Митталға тиесілі сегіз шахтаның бірі. Мұның алдында "Абай" шахтасындағы апаттан кеншілер қаза тапқан.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Саран қаласында орналасқан шахтадағы жұмысты тоқтату жөніндегі шағымды бейсенбі күні Қарағандыдағы ауданаралық экономикалық сот қарай бастады. Арызданушы шахтада анықталған олқылықтар жұмысшылар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді деп есептейді.

"Жұмысты неге тоқтату керек деп сұраймыз? Шахта апатты жағдайда, өндіріс қауіпсіздігі талаптарына сай емес", - деді ТЖМ департаментінің өкілі.

Олқылықтар тексеру кезінде анықталған, шахта басшылығына уақыт берілгеніне қарамастан, оларды осы күнге дейін ешкім жөндемеген. Күзембаев шахтасындағы жұмысты тоқтату жөніндегі құжат қазанның соңында тапсырылған, ал 7 қарашада оның қасындағы "Абай" шахтасында апат болып, алты кенші қаза тапты. Мұнда да апатқа дейін олқылықтар бары анықталған.
Компания соттан толық тексеруге уақыт беруін, соттың келесі отырысын бірнеше күннен кейін өткізуін сұрады.

Сот отырысты 14 желтоқсанға белгіледі.




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2021, 12:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31